Н. Назарбаев пен С. Абэ Қазақстан-Жапония бизнес форумын ашты

Іс-шараға автокөлік жасау, авиация және ғарышкерлік, электроника, xимия өнеркәсібі, қаржы және жылжымайтын мүлік, экспедициялау, жүк тасымалы, азық-түлік, денсаулық сақтау салаларын қамтитын 100-ден астам ірі компания қатысуда.
Форум аясында Қазақстан мен Жапонияның инвестициялық мүмкіншіліктері, екі елдің шетелдік инвесторларын мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылмақ. Сонымен қатар форум аясында қазақстандық-жапондық инвестициялық жобалардың көрмесі өткізілуде.
Сондай-ақ тараптар алдағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын болады.
Форум қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға, оның ішінде ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығындағы машина жасау саласын қайта қаржыландыру, автокөлік терминалын жасау және өзге де тақырыптар бойынша меморандумға қол қойылады.