Н. Назарбаев пен Т. Бах Қазақстанның ХОК-пен ынтымақтастығының болашағын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен телефон арқылы сөйлесті.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Әңгіме барысында Қазақстанның Халықаралық олимпиада комитетімен ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды.

Т.Бах қазақстандық олимпиадашылардың соңғы жылдардағы табыстарының көрсеткіші болып отырған еліміздегі спортты дамыту шараларына жоғары баға берді.

Алматының 2011 жылғы Азия ойындарын және өзге де халықаралық спорттық шараларды ұйымдастырудағы оң тәжірибесі атап өтілді.

Мемлекет басшысы Халықаралық олимпиада комитетінің 7-9 желтоқсанда Монакода өткен 127-сессиясының табысты қорытындыларына ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар