Н. Назарбаев пен В. Путин 16 қыркүйекте Сочиде өтетін өңіраралық ынтымақтастықтың XII форумына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XII форумын өткізу мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл форум осы жылы 16 қыркүйекте екі ел Президенттері Н. Назарбаев пен В. Путиннің қатысуымен Сочи қаласында өтеді. Шараның басты тақырыбы агроөнеркәсіптік кешен және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық болады.

Форум аясында «агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастық перспективалары» атты мамандандырылған көрме, дөңгелек үстелдер, қазақстандық-ресейлік іскерлік кеңес отырысы, жастар форумын өткізу жоспарлануда.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарға форумға дайындық бойынша ұсыныстар өңдеуді жеделдетуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар