Н.Назарбаев пен В.Путин Достық, ынтымақтастық және өзара келісім туралы шарттың 20 жылдығына арналған концертті тамашалады

МӘСКЕУ.  9 қазан. ҚазАқпарат - Н.Назарбаев пен В.Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара келісім туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына арналған концертті тамашалады.
None
None

Үлкен театрдағы мерейтойлық датаға арналған концерт шымылдығы Ресейдің ұлттық оркестрінің орындауындағы «Руслан мен Людмила» операсынан увертюрамен ашылды. Осыдан кейін екі елдің танымал өнер ұжымдары мен әртістері сахна төрінде жиналған көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті. Мәселен, «Серпер» домбырашылар ансамблінің орындауындағы Ұлы дала музыкасы жиналған жұртшылықты тәнті етсе, Н.Тілендиевтің «Ата толғауы»  күйіне мың бұра билеген К.Байсейітова атындағы опера және балет театрының балет труппасы зор қошеметке ие болды.

Сондай-ақ концерт барысында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева «Қазақ елі», ал Ресей халық әртісі Лев Лещенко «Мы  - единое целое» әнін  орындады.

Соңғы жаңалықтар