20:21, 05 Қараша 2013 | GMT +5
Н.Назарбаев пен В.Путин ресейлік-қазақстандық ықпалдастықтың өзекті мәселелерін қарастырады
АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге 11 қараша күні Екатеринбург қаласында өтетін екі елдің Аймақаралық ынтымақтастығының X форумына қатысады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметінен хабарланды.

Форум тақырыбы - «Өнеркәсіптік кооперация». Кездесу қорытындысында бірқатар бірлескен құжаттарға қол қою жоспарланған.
В.Путин мен Н.Назарбаев сондай-ақ жеке кездесу өткізеді, оның барысында ресейлік-қазақстандық ықпалдастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде интеграциялық құрылымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері қаралады деп күтілуде.
Мұндай форматтағы жыл сайынғы кездесулер 2003 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғашқысы Омбы қаласында өткен. Содан кейін кезек бойынша екі елдің аймақтарында өтіп келді. 2012 жылы Форум Қазақстан аумағында Павлодарда өтті.