Н.Назарбаев Президент аппаратына «Тілдер туралы» заңның орындалуын қадағалауды тапсырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Универсиадаға дайындық жұмыстары мен қаланың даму мәселелеріне арналған жиын өткізді.
None
None

Отырыс барысында Елбасы қоғамдық, саяси, экономикалық мәселелерді көтерді. Соның ішінде тіл туралы заңның орындалу барысын да тілге тиек етті.
«Кей ұйымдарда орыс тілінде сұраған адамға қазақша жауап береді деген қауесет жетті. Егер ол орысша сұраса, жауапты орысша алуы керек», - деді Н.Назарбаев.
Осыған байланысты Елбасы Президент аппаратына тіл туралы заңның барлық салада орындалуын қадағалауды тапсырды.
Ол мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілмен қатар ресми тіл орыс тілі қатар жүретінін ескертті.

Соңғы жаңалықтар