Н.Назарбаев: Сербтер үшін Қазақстан - тығыз ынтымақтасуға болатын мемлекет

«Олар Қазақстанның осы жылдардың ішінде көп ұлтты әрі көп конфессиялы мемлекет қалыптастыра алғандығын көріп отыр. Біз ізгі қарым-қатынасты, біздің халқымыздың төзімділігін сақтай алдық. Екіншіден, Қазақстанның экономикалық дамуы өзінің барлық көрші елдерінен басып озды. Бірдей бастағанымен олардың көпшілігінің бастапқы жағдайы жақсы еді. Олар бізде орын алып отырған жайттың бәрін көріп, оқып отыр.
Мәселен, Президент те, Премьер-Министр де (Сербияның) менің «Қазақстандық жол» кітабымды оқыған және бізді өздеріне үлгі санайды. Өздері тығыз ынтымақтастықта бола алатын мемлекет деп есептейді. Қалғанының барлығы өздерінің шешімі. Бізге әуеде жойғыш ұшақтар ілесе ұшып отырды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өте мәртебелі қонақтарға біз де осылай жасаған едік. Олар мені шынайы сүйіспеншілікпен қарсы алды», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы серб тарабы өзіне көрсеткен құрметі қатарында зеңбіректен 10 дүркін оқ атылуын, Белград орталығында Жамбыл мүсінінің ашылуын және Сербия Православ шіркеуінің жоғары наградасы - І дәрежелі Қасиетті Савва Орденімен марапатталуын атады.