Н.Назарбаев ШЫҰ-ның 15 жылдық мерейтойымен құттықтады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларды ұйымның 15 жылдық мерейтойымен құттықтады.
None
None

«Бүгінгі Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы Шанхай ынтымақтастық ұйымы тарихындағы маңызды даталар тұрғысынан айрықша мәнге ие. 20 жыл бұрын Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан көшбасшылары жаңа көпжақты өңірлік диалогты іске қосты», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Осы ретте Мемлекет басшысы Шанхайда қол қойылған шекаралар аудандарында әскери саладағы сенімді нығайту туралы бірегей келісім «Шанхай процесінің» басталуына түрткі болғандығын еске салды.

«2001 жылы ШЫҰ-ны құру туралы декларацияның қабылдануы 21 ғасырдағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге жаңа әдістер іздеуде салыстырып, тексерілген қадам болды. Біздің кездесуімізге қатысушылардың барлығын және қонақтарды ұйымымыздың 15 жылдық мерейтойымен құттықтауға рұқсат етіңіздер», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар