20:30, 23 Маусым 2016 | GMT +5
Н.Назарбаев ШЫҰ-ның 15 жылдық мерейтойына арналған концертті тамашалады
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының 15 жылдығына арналған салтанатты концертте болды.

«Өзбекстан» халықаралық форумдар сарайында өткен концертке Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің, сондай-ақ байқаушы елдердің көшбасшылары қатысты.
Мемлекеттер басшыларының назарына ұсынылған бағдарламада Өзбекстан өнер шеберлерінің орындауындағы музыкалық композициялар қамтылды.