Н.Назарбаев тарихты өз қолымен жасайтын мемлекет қайраткерлерінің қатарына жатады - ресейлік жазушы Л.Млечин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның егемен ел ретінде даму жолындағы қол жеткізген жетістіктері әлемдік қауымдастықтың Тұңғыш Президент - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасына деген назарын көптен өзіне аударып отыр. Көптеген саясаткерлер мен сарапшылар Қазақстанның қазіргі заманғы тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы бұрмалаң тарихи кезеңде оны дана әрі көреген басшының басқаруының арқасында мүмкін болғанын айтады.
None
None

Біздің тілшімізбен сұхбатында Н.Назарбаев туралы кітаптың авторы, танымал ресейлік жазушы, РФ еңбек сіңірген мәдени қызметкері Леонид Млечин өз ойымен бөлісті.

«Назарбаев Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін әлемнің саяси картасында пайда болған мемлекеттердің басшыларының ішінен ерекше көзге түсті. 1991 жылдарға дейін оның Кеңестік Үкімет басшысы болмағаны өкіндіреді. Бұл идея жүзеге асқанда біздің тағдырымыз басқаша болар ма еді?», - дейді Л.Млечин. Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемге тың көзқараспен қарайтын сирек басшылардың бірі. «Сондықтан Ресейде жүріп біз Қазақстанда жүріп жатқан қарқынды экономикалық реформаларға қызығушылықпен қарадық. Нұрсұлтан Әбішұлының Мәскеуде жұмыс істемейтініне өкініш білдіретін едік», - деп атап өтті жазушы. Н.Назарбаевтың интеграциялық бастамалары - халықтар арасындағы байланыстарды нығайту, Кеңес Одағында өмір сүрген бауырлас халықтарды біріктіру идеялары да Ресей тарапынан үнемі қолдауға ие болып отырған. Бұрынғы КСРО аумағында көптеген мәселелер туындап жатады. Леонид Млечиннің ойынша, Н.Назарбаевтың бауырлас елдерде не болып жатқанына көңіл бөлуін, кикілжің туындаған тараптардың татуласуына өз үлесін қосуға талпынуын әлемдік қоғамдастық оң қабылдайды. Ресейде Н.Назарбаевтың көпвекторлы саясатын - АҚШ, Еуропа, Ресей, Қытай елдерімен, көршілес ортаазиялық елдермен дұрыс қарым-қатынас орната білуін жоғары бағалайды. Ресейлік жазушының пікірінше, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде өзі басқарып отырған мемлекетті әлемдік аренада дербес әрі танымал елге айналдырды. Әлем тарихында бұған қол жеткізген саясаткерлер саусақпен санарлық. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев тарихты өз қолымен жасайтын мемлекет қайраткерлерінің қатарына жатады.

Соңғы жаңалықтар