Н.Назарбаев Ташкент саммиті аясындағы екіжақты келіссөздердің негізгі қорытындылары жайында айтты

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысқаннан кейін қазақстандық БАҚ өкілдеріне брифинг өткізген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саммит аясындағы екіжақты келіссөздердің негізгі қорытындылары жайында айтып берді.
None
None

«Бүгін ҚХР Төрағасымен кездесу барысында біздің еліміздің индустрияландырылуында маңызды рөл ойнауға негізделген 50-ден астам бірлескен кәсіпорындар құру болашағын қарастырдық. Ауғанстан Президентімен келіссөздер барысында бұл елдегі жағдай талқыланды. Бүгінгі күні Қазақстан ауған студенттерінің білім алуына көмек көрсетуін жалғастыруда. Қазірдің өзінде 150 маман Ауғанстанға оралып, таяу уақытта жұмыс істей бастайды. Бұған қоса, біз жыл сайын жоғары оқу орындарымызға 50 адам қабылдаймыз. Осылайша, Ауғанстан экономикасының қалпына келуіне көмектесудеміз», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Н.Назарбаев ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер басшыларының келесі саммиті 2017 жылдың 8-9 маусымында Астанада өтетіндігін айтты. Сөз соңында Мемлекет басшысы отырыс қорытындысына қанағаттанғандығын білдіріп, оның біздің еліміз үшін маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар