Н.Назарбаев: Тексеруге желеу болатын жалған дәйектеме фактілерін жемқорлық құқық бұзушылықпен теңестіру қажет

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бизнесті тексеру үшін жалған дәйектеме фактілерін жемқорлық құқық бұзушылықпен теңестіру қажет. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен «Индустрияландыру күні» барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
None
None

«Мен құқық қорғау органдарына, Бас прокуратураға тез арада сәйкес өзгертулер енгізуді тапсырамын. Сонымен бірге Парламентке оны қарап, тексеру үшін жалған дәйектеме фактілерін жемқорлық құқық бұзушылықпен теңестіруді өтінемін», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар заңсыз тексеруге келгендер қандай да бір пайда көруді, тым болмағанда мейрамханаға отырып, тегін тамақтануды жөн көретіндігін айта келе ҚР Президенті: «Ұят. Мемлекеттік қызметшінің жалақысы жеткілікті. Мемлекеттік қызметте істегің келмесе, бизнеске барып еңбектен», - деді.

Соңғы жаңалықтар