Н.Назарбаев Үкіметке терроризмге қарсы іс-қимыл заң жобасын әзірлеу үшін 2 ай уақыт берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен Қауіпсіздік кеңесі отырысы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Үкіметіне екі айдың ішінде лаңкестік пен экстремизмге қарсы іс-қимыл, қару-жарақ айналымы, сақтау әрі сату, көші-қон саласын реттеу және діни бірлестіктерге қатысты заңнамалық бастамалар топтамасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
«Халықаралық лаңкестік ұйымдарға қатысушы қазақстандық азаматтарға қатысты жазаларды күшейту шараларын қарастыру қажет. Бұған қоса, олардың біздің мемлекетіміздің мүддесіне сатқындық жасап, іс жүзінде өз Отанына қарсы соғыс жолына түсетіндігін ескерген жөн. Сонымен қатар лаңкестік қатер туралы дабылдар бойынша арнайы жедел іс-шараларды өткізу мүмкіншілігін жеңілдету қажет. Заңнамалық бастамалардың осынау топтамасын ағымдағы жылдың заңнамалық жұмыс жоспарына қосу қажет», - деді Мемлекет басшысы.