07:41, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
Н. Назарбаев, В. Путин және А. Лукашенко Минскі кездесулерінің нәтижелерін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының президенттерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Үш мемлекеттің көшбасшылары Украина Президенті мен Еуропалық одақ өкілдерінің қатысуымен өткен кездесудің қорытындысын талқылады. Президенттер Украинадағы ахуалды тездетіп реттеуге бағытталған күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, мемлекет басшылары Кедендік одақ пен 2015 жылы іске кірісетін Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың басымдыққа ие бағыттарын қарастырды.