18:33, 09 Қазан 2012 | GMT +5
Н.Назарбаев және В.Алекперов «Лукойл» ААҚ-ның Қазақстанның мұнай өндіру секторындағы инвестициялық қызметі мәселелерін талқылады
АСТАНА-МӘСКЕУ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында «Лукойл» ААҚ президенті Вагит Алекперовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстанның мұнай өндіру секторындағы «Лукойл» компаниясының инвестициялық қызметінің мәселесі мен «ҚазМұнайГаз» АҚ-мен ынтымақтастығының келешегі талқыланды.
В.Алекперов сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтыбіздіңелдің батысындағы мұнайгаз саласындағы ірі индустриялық жобаларды іске асыру туралы хабардар етті.
«Лукойл» ААҚ Қазақстанда 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Компания 7 өндіруші жобаға, сондай-ақ Қазақстандағы ірі ресейлік инвестордың бірінен саналатын Каспий құбыры консорциумына қатысады.