15:53, 20 Маусым 2016 | GMT +5
Н.Назарбаев Жапония мен Оңтүстік Кореяға сапарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапония мен Оңтүстік Кореяға сапары жоспарланған. Бұл туралы бүгін халықпен есепті кездесу өткізген ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мəлім етті.

"Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының Жапония мен Оңтүстік Кореяға сапары жоспарланған. Онда Қазақстанның бұл елдермен өзара іс-қимылының экономикалық аспектісіне басымдық беріледі", - деді ол.
Сонымен қатар министр сапар аясында саясат саласы да қозғалатындығын атап өтті.
"Мұнан бөлек, Мемлекет басшысының Сауд Арабиясы мен Иорданияға да сапары жоспарланып отыр", - деді Е.Ыдырысов.