19:47, 08 Қазан 2012 | GMT +5
Н.Назарбаев жұмыс сапарымен Ресейге келді
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Сапар аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен екіжақты келіссөздер жүргізу және Қазақстан мен Ресей арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылуының 20 жылдығына арналған мерекелік концертке қатысуы жоспарланған.