Н.Назарбаев

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін елорданың әрі қарай дамуы мәселелеріне арналған кеңесті қорытындылаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, 6 шілде - жұма күні "Хазірет Сұлтан" мешітін ашуға ниет білдірді.
None
None

Қалада салынып жатқан негізгі нысандардың, әсіресе "Хазірет Сұлтан" мешітін пайдалануға беру мәселесіне кеңінен тоқталған Елбасы: «Мен күнтізбені қарадым. 6 шілде қандай күн екенін білесің бе?», - деді  қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығына қаратып.

«Жұмаға дәл келеді екен. Мен жұма күні осы мешітті ашқым келеді. Қала күні екендігін меңзеп отырмын. Ал сен тағы да менің туған күніме дәл келеді деп ойладың ба? Бола ма?», - деп сұрады Президент басқарма бастығынан.

Қанағаттанарлық жауап алған Мемлекет басшысы, бұл мешіттің елорда көркіне жаңа леп қосатындығын әрі оны адамдар асыға күтіп отырғандығын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар