Н. Назарбаевты Президенттікке кандидаттыққа ұсына отырып, XIII съезде тарихи шешім жасаймыз - депутат В. Нехорошев
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының кезекті XIII съезінде Парламент депутаты Владимир Нехорошев мәлім етті.
«Бүгін біз съезде тарихи мәселені шешеміз, атап айтқанда біздің көшбасшымыз, партияның негізін қалаушы Н. Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттыққа ұсынып отырмыз»,-деп атап өтті депутат.
«Бізде бай ресурстар мен талантты әрі білімді халқымыз бар. Бұл өз кезегінде Елбасының тапсырмасымен әзірленген біздің ұлттық идея, яғни мемлекетті индустрияландыру бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік береді»,-деді ол.
Сонымен қатар депутат бүгінде Елбасы ықпалдастықтың өте маңызды жаңа бастамаларын іске асырғанын айта келе, бүгінде осы толық зерделенген салмақты бастамалар қазіргі кезде өз жемісті нәтижелерін беріп отырғанын қадап айтты.
Осы орайда В. Нехорошев қазіргі кезде Қазақстан халқы әр нұротандықтан нақты жұмыстардың нәтижесін, сондай-ақ жоғары жауапкершілікті күтіп отырғандығын, сондықтан партия көшбасшысы партияның әр мүшесіне, әрі іске жауапкершілікпен қарау мақсатын қойғанын айтып өтті. «Мемлекет басшысы қойған барлық мақсат-міндеттер табысты іске асырылады. Оған біздің толық сеніміміз бар»,-деп түйіндеді сөзін депутат.