Н. Назарбаевтың интерактивті дәрісі педагогикалық білім берудің жаңа мүмкіндіктерін белгілеп берді - Б. Жұмағұлов

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың интерактивті дәрісі педагогикалық білім берудің жаңа мүмкіндіктерін белгілеп, педагогикалық құрамының сапасын арттыруға себеп болды.
None
None

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ұстаздар күні қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің оқытушыларымен, студенттерімен өткізілген кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Жиын барысында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген міндеттері аясында педагогикалық білім беру ісінің қазіргі таңдағы жағдайы, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері талқыланды.

Кездесуге келген еліміздегі білім саласының қызметкерлері Жолдау аясында атқарылған істерге тоқталып, алдағы міндеттердің маңыздылығын айқындады.

Кездесуде талқыланған өзекті мәселелердің бірі - педагогикалық білім беру саласы болды. Нақтылай түссек, педагогтардың біліктілігін арттыру, олардың қоғамдағы мәртебесін көтеру, жас буынды педагогикалық білім беру ісіне баулу мәселелері талқыланды.

Кездесудің соңында үздік ұстаздар министрліктің сыйлығымен марапатталды.

Басқосуда министр Абай ескерткішіне гүл қойып, қолданбалы декоративті өнер көрмесін тамашалады.

  

 

Соңғы жаңалықтар