Н.Назарбаевтың испан тіліндегі кітаптары Мексиканың ірі мемлекеттік университетіне сыйға тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикадағы ҚР Елшісі Андриан Елемесов Жаңа Леон штаты Монтеррей қаласына барып, жергілікті билік өкілдерімен кездесулер өткізіп, өндірістік компанияларын аралап, Мексикадағы ірі мемлекеттік университет - Жаңа Леонның автономиялық университетінде болды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
None
None

Елші А. Елемесов Жаңа Леон штатының губернаторы Хайме Родригеспен, Монтеррей қаласының мэрі Адриан де ла Гарсоймен, Санта қ. мэрі Катарина Эктор Карильйомен кездесіп, «Қазақстан: Экономикалық және сауда перспективалары мен мүмкіндіктері» бизнес-форумына қатысты, сонымен қатар Жаңа Леон университетінің және авиация мен машина жасау саласындағы мамандарды дайындайтын CONALEP орта техникалық білім беру колледжінің басшыларымен кездесті.

ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың күшеюі аясында А. Елемесов «CEMEX» (цемент өндіруші) компаниясының басшылығымен кездесті және «TecnoForge» компаниясының зауытында болды. Екі компания да қазақстандық компаниялармен алдағы уақытта да серіктестік орнатуға қызығушылық танытты.

Жаңа Леонның автономиялық университетінің басшылығымен кездесуде А. Елемесов Қазақстанның тәуелсіздік жылдары экономикалық, саяси және әлеуметтік бағыттарда, соның ішінде білім саласында қол жеткізген жетістіктері жайлы баяндады.

Жиын қорытындысы бойынша екі елдің ЖОО-лары арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық ниеті туралы құжатқа қол қойылды. Университеттің кітапханасына сыйлық ретінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «Жаһандық диалог хроникасы», «Әлем кіндігі» кітаптарының испан тіліндегі нұсқалары ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар