Н.Назарбаевтың қажырлы қызметі кемел мемлекеттік қайраткердің жарқын үлгісі - Г.Маргвелашвили

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне байланысты Грузия Президенті Гиоргий Маргвелашвили құттықтау жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Грузия Президенті жылы лебізді құттықтауы мен игі тілегін жолдаған.

«Сіз Қазақстан Республикасын өркендетуге бағытталған қажырлы қызметіңіз арқылы баршаның құрметіне бөленген кемел мемлекеттік қайраткердің жарқын мысалы болып отырсыз. Грузия мен Қазақстан Республикасы арасындағы дәстүрлі достық және өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая беретініне сенемін», - делінген жеделхатта.

Г.Маргвелашвили жеке өзінің және Грузия халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқының игілігі жолында жаңа табыстар тіледі. 

 

фото: vestikavkaza.ru

Соңғы жаңалықтар