Н.Назарбаевтың тәжірибесі мен көрегендігі болашақта қазақстандық қоғамда зор сұранысқа ие болады - әзірбайжандық депутат
- Кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу - Қазақстанның ішкі ісі және елдің қандай жолмен дамитыны қазақ қоғамына мәлім.
Қазақстанда жоғары билік мәселелері Конституция мен демократиялық процедураларды қатаң ұстану арқылы шешілетіні мені қанағаттандырады.
Сонымен қатар Н.Назарбаев көрсетіп отырған саяси данышпандық та жоғары құрметке ие боларлықтай. Ол дегеніміз, Президент Конституцияға сәйкес әрекет еткен және өз өкілеттігін референдум арқылы ұзартуға қарсы шыққан. Ал қазір кезектен тыс сайлау өткізуге барып отыр, ал шынтуайтына келгенде сайлау науқаны тек екі жылдан кейін ғана басталуы тиіс еді.
Қалай дегенмен де, қазақ қоғамының сайлауды жоғары деңгейде және демократияның барлық нормаларына сәйкес өткізетініне сенемін. Бірнеше жыл бұрын Қазақстандағы парламенттік сайлауда ЕЕПА атынан бақылаушы болдым, сол кезде демократиялылық пен объективтілікке тағы бір мәрте куә болдым. Осы үрдістің қазіргі күні де сақталып отырғанына нық сенемін.
Н.Назарбаевтың қазақтың мемлекеттілігінің, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы достық қарым-қатынастардың нығаюына қосқан үлесін атап өткім келеді. Ол Әзірбайжанның территориялық біртұтатастығын қолдайды, бірнеше рет біздің елде сапармен болды, біздің мемлекеттер бірлескен жобаларға қатысуда. Менің ойымша, Нұрсұлтан Әбішұлының тәжірибесі, оның саяси көрегендігі болашақта қазақстандық қоғамда зор сұранысқа ие болады.