20:37, 27 Наурыз 2013 | GMT +5
Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы облысының әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында оңтүстік өңірлерді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді, сондай-ақ индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында салынған нысандардың жоспарланған қуатында берілуі жөнінде жүргізілген жұмыс жөнінде айтты.