Н.Назарбаевтың ядролық қарудан ада болу жөніндегі ұстанымын қолдаймыз - Норвегияның бұрынғы Премьері

ң 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем ядролық қарудан ада болуы тиіс деген ұстанымын қолдаймыз.
None
None

Норвегияның бұрынғы Премьер-Министрі Кьелл Бондевик бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан  Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі барысында журналистерге берген сұхбатында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Біз Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуін қолдаймыз және осы елден көп үміттенеміз. Норвегия бүгінде аталмыш ұйымның белсенді мүшелерінің бірі. Біз Қазақстанның осындай халықаралық деңгейдегі беделді ұйымға төрағалық етуі барысында басты екі мәселені алға қойып отырғандығын да білеміз. Оның бірі - қауіпсіздік болса, екіншісі - мәдениеттер мен діндер арасында диалог орнату. Бұл басымдықтар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын құрудағы алғашқы мақсаттармен үндесіп жатыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар