17:43, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Нью-Делиде АӨІСШК аясында бірқатар мәселелер талқыланбақ
АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ақпанның 20-сында Нью-Дели қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨІСШК) мүше елдердің Аға лауазымды тұлғалар комитетінің кезекті отырысы өтеді.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресми өкілдің айтуынша, отырыс барысында экономикалық, экологиялық, гуманитарлық, әскери-саяси және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру мәселелері талқыланбақ. Сондай-ақ 2010 жылы АӨІСШК-ЕҚЫҰ бірлескен форумы секілді халықаралық шараларды өткізу мәселелері қаралады.