Нью-Делиде Қазақстан мен Қытайдың Қорғаныс министрлері кездесті

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қытай Халық-азаттық армиясының Қорғаныс министрі, генерал-полковник Ли Шанфумен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нью-Делиде Қазақстан мен Қытайдың Қорғаныс министрлері кездесті
Photo: gov.kz

Ведомство мәліметінше, тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылаған.

Үндістан астанасы Нью-Делиге Қазақстан Қорғаныс министрі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесіне қатысуға барған болатын.