Нью-Йорк АҚШ-тағы сайлау алды кампанияларының орталығына айналды

НЬЮ-ЙОРК - Қазіргі уақытта АҚШ-тағы президент сайлауының елдің шығыс теңіз жағалауы маңында орналасқан барлық сайлау учаскелері жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Сауалнамалар нәтижелері Дональд Трамп Кентукки, Индиана, Батыс Вирджиния штаттарында жеңіске жеткендігін көрсетті. Оның қарсыласы Демократиялық партиядан кандидат Хиллари Клинтон Вермонт штатында жеңіске жетіп отыр. Бірақ, сайлаудың аяқталуына әсер ететін негізгі мәндер штаттардағы ауытқымалы нәтижелерге ие болады. Осы өңірлерден деректер таяу уақытта алынатын болады. 

Сайлау күні Нью-Йорк қаласы сайлау кезіңінде саяси оқиғалардың орталығына айналды. Бұл екі үміткер де аталған штатта туғандар болып табылатын бірінші кампания. 

Дональд Трамп оның «Трамп Тауэр» биіктігі аспанмен таласқан ғимаратының жанындағы учаскеде дауыс берді. Хиллари Клинтон Нью-Йорктің Чапакуа  ауданы мектептерінің бірінде орналасқан учаскеге барды.  

Екі үміткердің жеңісін мерекелеу орындары Манхэттанда бір-бірінен алыс емес орналасқан.  Бірақ америкалық баспасөз бен қоғамның басты назары Х.Клинтон сайлау нәтижесін күтуді жоспарлаған Якоб Джавитц Орталығына ауған. 

Соңғы жаңалықтар