Нью-Йорк полицейі Димаш Ниязов профи-рингке оралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан тумасы Димаш Ниязов (13-1-3, 6 КО) 17 мамыр күні кәсіби рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Нью-Йорк полицейі Димаш Ниязов профи-рингке оралды

Ол рингке Машатакатта (Коннектикут штаты) өтетін Foxwoods Resort бокс кешінің аясында шығады. Оның қарсыласы америкалық Адриан Соса (10-0, 8 КО). Алғашқы орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген.

Айта кетейік, боксшы Д.Ниязов АҚШ-та тұрады. Ол Нью-Йорк полициясының офицері. Бұған дейінгі жекпе-жегін өткен жылдың 28 сәуірінде Бруклинде өткізген болатын. Ол жолы төрешілердің шешімімен мексикалық Анхель Саринанаға (10-7-2, 4 КО) жол берген еді.