Нью-Йоркте 4 адамдың өлтірілуіне байланысты Украина тумасы ұсталды

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте өзінің өгей әкесін, бұрынғы құрбысын және оның анасын, сондай-ақ кездейсоқ өтіп бара жатқан адамды өлтірген деген күдікпен 23 жастағы Украина тумасы және АҚШ азаматы Максим Гельман ұсталды, деп хабарлады Би-Би-Си.
None
None

Ол сонымен бірге тағы үш адамды: екі жүргізушіні және метро жолаушысын пышақпен жаралап, жүргізушінің біреуінің машинасын айдап кеткен.

"Бұл оқиғаның себебі әзірше белгісіз. М.Гельман қылмыс жасағаннан кейін 28 сағаттан соң қолға түсті", - деп хабарлады полиция.

М.Гельман нашақорлыққа ұшыраған және бұған дейін де бірнеше рет полицияның қолына түскен.

Соңғы жаңалықтар