Нью-Йоркте Қазақстан егемендігінің 20 жылдығы аталып өтілді

ТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Нью-Йорк қаласында 16 қарашада Бас консулдықтың ұйымдастыруымен Қазақстан егемендігінің 20 жылдығына арналаған мерекелік қабылдау болды,
None
None

деп хабарлайды Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығының баспасөз қызметі.

Қабылдауға ресми, соның ішінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің, іскерлік және қоғамдық топтардың, дипломатиялық корпус пен БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері шақырылды.

Қазақстанның Бас консулы Раушан Есболатова алғы сөз сөйледі. Өз сөзінде ол біздің мемлекетіміздің халықаралық аренадағы, ел ішіндегі демократиялық және экономиалық қайта қалыптастыру ісіндегі жарқын көріністерін атай келе, алдағы даму мен болашаққа қойылған міндеттерді атап өтті. Егемендік жылдарында Қазақстан дамуындағы Елбасының рөлі ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар қонақтар алдында диаспор өкілдері Гүлжан Түзелбаева мен Салтанат Наурызбаева «Атамекен» әнін орындаса, вице-консул Қадыр Қаюпов бірнеше күй тартты. Диаспора өкілдері сондай-ақ қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, келушілерге дәм татқызды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша іс-шара асында Қазақстан туралы фотокөрме өтті.

Соңғы жаңалықтар