Нью-Йоркте мыңға тарта жолаушы мінген пойыз рельстен шығып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі Пенсильванский вокзалында жұма күні  мыңға жуық жолаушыны әкеле жатқан Amtrak пойызы рельстен шығып кетіп, NJ TRANSIT  пойызына соқтығысты.

 Бұл туралы  CBS New York телеарнасы хабарлады.

«Пойыздың рельстен шығып кету оқиғасы оның стансадан ақырындап шығып бара жатқан кезінде, жергілікті уақыт бойынша шамамен 9.00-де орын алды» делінген Amtrak компаниясының хабарламасында.

Телеарнаның мәліметтеріне қарағанда, ол вокзалға келген 200 жолаушысы бар көрші NJ TRANSIT пойызын сүзіп өткен.Бірнеше адамның аздап жарақат алғандығы хабарланды.

Қазіргі уақыта вокзалдағы қозғалыс тоқтатылған.

Пенсильванский вокзалы Нью Йорктегі ірі халықаралық бекет болып есептеледі. Мұнан күн сайын 600 мың жолаушы сапарға аттанады. 

Соңғы жаңалықтар