Нью-Йоркте Олжас Сүлейменовтің шығармашылық кеші өтті

None
None
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте Олжас Сүлейменовтің шығармашылық кеші өтті және «Жасыл шөл» атты өлеңдерінің антологиясы таныстырылды, деп хабарлады ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі.

Кешті ашқан Колумбия университетінің профессоры Алан Тимберлейк және ҚР-ның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов қазақ халқының ұлы ақынының бірегей өмір жолы туралы айтып берді және О.Сүлейменовтің поэзиясы, тарихи-лингвистикалық ізденістері және қоғамдық қызметі қазақстандықтардың ғана емес, халықаралық қоғамдық жұртшылықтың зор ықыласын туғызып отырғанын атап өтті.

«Жасыл шөл» жинағы ақын поэзиясының Америкада ағылшын тілінде жарық көрген алғашқы толыққанды басылымы болып табылады. Оған О.Сүлейменовтің әр жылдары жазған поэзиясының жарқын үлгілері, соның ішінде «Адамға табын, Жер, енді», «Қыш кітап», «Бөрілер» кітаптарына енген шығармалары, ақынның «американдық» сериядағы өлеңдері топтастырылған. Ол Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазовтың редакциясымен жарық көрді, онда Қазақстан мен Еуразияның заманауи әдебиетінің үлгілері көрініс тапқан.

Кеш жылы шырайлы, шығармашылық ахуалда өтті. О.Сүлейменов жиналғандардың сұрақтарына жауап қайтарды, өз шығармашылығына қатысты жоспарларымен бөлісті және осы заманғы өзекті мәселелер жайлы әңгіме қозғады.

Соңғы жаңалықтар