13:44, 14 Қаңтар 2010 | GMT +5
«Набукко» жобасында газ бағасы халықаралық нарықтағы ең жоғары болып белгіленуі мүмкін - М. Байер
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Набукко» жобасында газ бағасы халықаралық нарықтағы ең жоғары болып белгіленуі мүмкін. Бүгін Венгрия Республикасы СІМ Энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша айырықша тапсырмалар жөніндегі арнайы елшісі Михай Байер журналистерге берген сұхбатында осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Набукко» жобасы бойынша Қазақстан өте сенімді әріптестік пен тұрақты нарыққа қол жеткізе алады деп айтуға болады. Бұл жоба бойынша газ тасымалдау нарығы аса тұрақты болатыны қазірден белгілі. Сонымен бірге, бүгіннің өзінде «Набукко» жобасы бойынша бағалардың ашықтығы әрі бағалардың жоғарылығы күтіледі. Тіпті бұл жобада газ бағасы халықаралық нарықта ең жоғарысы да болып белгіленуі де ықтимал. Сондықтан да, Каспий өңірі елдері, оның ішінде Қазақстанның да нарықты әртараптандыру мәселесінде "Набукко" жобасына қызығушылығы арта түседі деп ойлаймын», деді М. Байер.
Оның айтуынша, Қазақстан осы жобаға қатысу арқылы біртіндеп молая түсетін табысқа жол аша алады.