Надежда Лушникова Манап Көкеновтің елінде болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Кеше Жаңақорған аудандық орталық кітапханасында ел ағалары мен кітапханашылар қатысқан рухани жүздесу өтті. Кездесудің бас кейіпкері айтыс ақыны, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Лушникова Надежда.
None
None

Бір сағатқа созылған жиын барысында Надежда апамыз жергілікті халық ақыны Манап Көкеновпен үлкенді-кішілі 28 мәрте айтысқандығын тілге тиек етті. Манап ақынмен айтысқан сәттерінен үзінділер оқып берді. Әрі бүгінгі айтыс өнеріне өз пікірін білдірді. Сондай-ақ бүгінде 75-жасқа келген ақ жаулықты анамыз қажылық зияратына барып қайтқандығын һәм бес уақыт намазы түгел екендігін жеткізді. Одан әрі қатысушылар тарапынан түрлі сауалдар қойылып, тұщымды жауаптармен бөлісті. Рухани жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Қ.Бүркітбаев Надежда ақынға құрмет көрсетіп, иығына қамзол кигізді.

Соңғы жаңалықтар