Надежда Рябец Азия чемпионатында алтынға таласады
АСТАНА. KAZINFORM — Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында 6 сәуірде Надежда Рябец (80 келі) финалға шықты.
Надежда Рябец 2000 жылы 14 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2023 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегер болды. Оның қарсыласы — Пужа Рани әлім чемпионатында үздік үштіктен көрінген.
Қос спортшы да айқас барысында айтарлықтай басымдыққа ие бола алмады. Кездесудің тағдыры шешуші 3-раундта шешіліп, төрешілер 3:1 есебімен жеңісті Надеждаға берді.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Бақыт Сейдіш (70 келі) финалға жолдама алса, Валентина Хальзова (70 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі) қола жүлдегер атанды.
Енді ел құрамасынан төрт спортшы шаршы алаңға шығады. Алдымен Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) өзбекстандық Олтиной Сотимбоевамен шаршы алаңға шықса, одан кейін Ертуған Зейнуллинов (65 келі) таиландтық Бунджонг Синсиримен қолғап түйістіреді.
Бүгінгі жарыс күнінде соңғы жекпе-жекті Төрехан Сабырхан (70 келі) қытайлық Пейчен Ванға қарсы өткізеді.
Сондай-ақ еліміздің ерлер құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), әйелдерде Айгерім Сәттібаева (48 келі) жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Құрлықтық додада ел құрамасынан барлығы 13 боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.