Нағи Ілиясов ауылында спорт кешені пайдалануға берілді (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Нағи Ілиясов ауылында спорт кешені мен стадион пайдалануға берілді. Жаңа нысан мемлекеттік әріптестік негізінде жеке кәсіпкер Абзал Ералиевтің демеушілігімен жүзеге асты.
None
None

Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев бүгінгі күнге дейін туған ауылын көркейтуге 1,5 млрд. теңгеге жуық қаражат жұмсаған. Көңіл қуантарлық атқарылған жұмыстар әлі де жалғасын тауып жатыр. Спорт кешенінің жалпы құны 380 млн. теңгені құраса, соның 200 млн. теңгесі «Абзал и К» толық серіктестігіне тиесілі. Кешеннің ашылу салтанатына арнайы барған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, республикаға танымал спорт майталмандары мен жетекші спорттық ұйымдардың басшылары алдымен ауылда жаңадан абаттандырылған тағзым алаңына гүл шоқтарын қойып, жаңа мешітпен танысты.

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан да бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Облыста да бұл бағытта қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл Қызылорда қаласында бокс орталығы мен ипподром және аудандарда дене шынықтыру, сауықтыру кешендері пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, Илья Ильин атындағы ауыр атлетикадан спорт кешені мен үш мың орындық жабық футбол манежінің құрылысы басталады.

Соңғы жаңалықтар