Нақтыланған бюджетте Астанадағы Ұлттық пантеонның құрылысына қаржы ескерілген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нақтыланған республикалық үш жылдық бюджетте Астанадағы Ұлттық пантеонның құрылысына қаржы ескерілген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінен белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Атап айтқанда ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов әріптестеріне  «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын таныстырды.

«Қаулы жобасы Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес қалыптастырылды және тиісті мәселелерді қамтиды, яғни  жергілікті атқарушы органдарға берілетін нысаналы трансферттердің сомасын 377,3 млрд. теңге көлемінде бөлу;  2017 жылға арналған сомасы 250,1 млрд. теңге басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін бекіту; кейінге қалдыру шартымен енгізілген басым республикалық бюджеттік инвестициялардың 113,1 млрд. теңге сомасына тізбесін бекіту. Нақтылау барысында 63,5 млрд. теңге сомасына жобалар қосымша қосылды (Ұлттық Пантеонның, «Құрық» портының құрылысы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне кредит беру және т.б.). Барлық жобалар бақылауға алынды»,-деді Б. Сұлтанов.

Сонымен қатар министр Елбасының тапсырмаларын және жалпы республикалық бюджетті сапалы іске асыру мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне кейінге қалдыру шартымен қаралған  жобаларды құжаттармен қамтамасыз етуді тездету қажет екенін ескертті.

Әкімшілермен толық құжаттардың енгізілуі кешіктірілген жобалар Бюджет кодексінің 151-бабына сәйкес, бюджетті нақтылаған жағдайда қысқартылуға ұсынылатын болады.

Соңғы жаңалықтар