НАНКИН-2014: Екінші алтынды Абылайхан Жүсіпов алып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті, деп жазады massaget.kz.
None
None

Байрақты бәсекеге 60 келід ел намысын қорғауға аттанған былғары қолғап шебері Абылайхан Жүсіпов бұған дейін Ричард Конниді қуалап жүріп сабаған болатын. Ал, финалдық сында оның қарсыласы кубалық Алан Лимонто болды. Даңқты боксшылар елінен келген Лимонто қарағандылық қазақ баласына шыдас бере алмады.

Бұл қазақтың қоржынына түскен екінші алтын. Алғашқы алтынды Бауыржан Жауынтаев есімді палуан өреніміз алып берген болатын.

Соңғы жаңалықтар