НАНКИН: Қазақ палуаны жасөспірімдер Олимпиадасының финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еркін күрес палуаны Мұхамбет Қуатбек Қытайдағы Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалына жолдама алды.
None
None

«В» тобының 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін 17 жасар спортшымыз төрт кездесуде жеңіске жетті. Атап айтқанда, ресейлік Әмірхан Гуважоков, армениялық Важинак Матевоян, британдық Брэм Ричардс пен венесуэлалық Элеезеру Аулара Қазақстан палуанының мысына шыдас берген жоқ. Енді финалда ол америкалық Датон Фикспен белдесіп, Олимпиаданың «алтын» медалін сарапқа салмақ.

Еске сала кетейік, Қазақстан қоржынында төрт медаль бар: бір алтын және үш қола.

Соңғы жаңалықтар