Наоми Осака Australian Open жеңімпазы атанды

Grand Slam маусымындағы алғашқы турнирдің финалында Осака 28 жастағы чех теннисшісі, жарыстың 8-ші ракеткасы Петра Квитованы 7:6(2), 5:7, 6:4 есебімен ұтты.
Бұл теннисшілер арасындағы алғашқы бетпе-бет кездесу болатын. Мельбурн кортындағы жетістік Наомиге 2000 рейтингтік ұпай мен $2,911,000 ақшалай жүлде әкелді. Айта кету керек, Наоми үшін бұл - мансабындағы үшінші, Үлкен шлем турнирлеріндегі екінші титул. Өткен Grand Slam титулы да Наомиге бұйырғанын атап өткен жөн - ол кезде теннисші қыркүйектегі US Open-ді бағындырған болатын. Енді Наоми Үлкен шлемде жеңген турнирлерінің саны бойынша өзінің бүгінгі қарсыласымен тең түсті - 2:2 (Квитова Wimbledon-ды екі рет жеңген - 2011 және 2014 жылдары).
Дүйсенбіден бастап Наоми Осака әлемнің бірінші ракеткасы ретінде өнер көрсетсе, Квитова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді.