Наполеонның аңызға айналған арғымағының тұяғы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда ойламаған жерден француз императоры Наполеонға (1769-1821 жж.) тиесілі араб арғымағы - Маренгоның тұяғын тауып алды.
None
None

Британдық БАҚ-тардың  хабарлауынша, ол  елдің оңтүстік-шығысындағы бір фермердің үйінен шыққан.

Белгілі болғандай, Сомерсеттегі фермердің үйіндегі шкафтан Маренгоның тұяғы табылды. Times басылымының деректеріне қарағанда, бұл олжа зат  Наполеон Ватерлоо түбіндегі ұрыста жеңілгеннен кейін 202  жылдан соң кездейсоқ жасалған. Тұяқ табылған үй сол кездегі дәулетті отбасының иелігінде болған көрінеді. Олар аты аңызға айналған Маренгоны француз императорының армиясы 1815 жылы тас-талқан болып жеңілгеннен  кейін сатып алған.

Айғырды Ұлыбританиядағы фермада 1831 жылға дейін қашан құлап қалғанша ұстаған.  Арғымақ 38 жыл өмір сүрді. Кейіннен оның қаңқасын Лондондағы Челси ауданы аумағындағы Армияның ұлттық музейіне қойған.

Бір қызығы, қаңқаның алдыңғы аяғының тұяғы болмаған.  Ат өлгеннен соң  иесі офицер Ангерстейн одан темекі салатын құты жасаған. Тамақтан кейін шақырылған қонақтар жағалай күміспен безендірілген құтыдағы темекіні иіскейтін болған. 

Соңғы жаңалықтар