Наразылық білдірушілердің қақтығысынан кейін Трамп Лос-Анджелеске Ұлттық гвардияны жіберді

АСТАНА. KAZINFORM – Дональд Трамптың әкімшілігі Лос-Анджелеске Ұлттық гвардияның 2 мыңға жуық сарбазын жіберетінін мәлім етті, деп хабарлайды ВВС.

Трамп направил Нацгвардию в Лос-Анджелес после столкновений с протестующими
Фото: видеодан алынған кадр

Калифорния штатында орналасқан бұл қалада екінші күн қатарынан басым бөлігі латынамерикалық аудан тұрғындарынан құралған халық пен Көші-қон және кеден қызметінің федералды агенттерінің (ICE) арасында қақтығыс болып жатыр.

ICE өкілдері Парамаунт ауданында тобырды тарату үшін көзден жас шығаратын газ бен шоқпар қолданды. Пентагон басшысы әскердің де қолданылуы мүмкіндігін жоққа шығармады.

-Оларға күш көрсетуші болмаңдар. Бейбіт жолмен әрекет етіңдер, -деді наразылық білдірушілерге Калифорня губернаторы Гэвин Ньюсом.

Калифорния губернаторы және көлемі жағынан екінші қаланың мэрі Ақ үйді арандатты елді қорқытуға әрекеттенді деп айыптады.

Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында губернаторға қатаң жауап қайтарды.

- Егер олар Басс екеуі өздеріне жүктелген міндетті атқара алмаса, онда федералды үкімет тәртіпсіздік пен марадерлар мәселесіне араласатын болады, - деді.

Бұған дейін АҚШ-тың апелляциялық соты Дональд Трамптың Associated Press (AP) агенттігінің журналистерін Ақ үй мен президенттік ұшаққа уақытша кіргізбеуіне рұқсат бергені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар