21:46, 14 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Нәрестені Төтенше жағдайлар департаментінің тікұшағымен шұғыл тасымалдады
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — ШҚО-да «Қазавиақұтқару» тікұшағы Зайсан – Өскемен бағыты бойынша санитарлық рейсті орындады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сәбиге шұғыл медициналық көмек қажет болды.
Операцияны ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Сергей Пинигин мен Бауыржан Бұтенбаев санитарлық авиация дәрігерлері Рафаиль Халитов және Бек Асаубаевпен бірлесіп орындады.
Ұшу сәтті өтті.
Айта кетелік Маңғыстауда жол апатына түскен науқастардың бірі санавиациямен Ақтауға жеткізілген еді. Сондай-ақ нәрестені Өскеменнен Риддерге санавиациямен жеткізген еді.