Нарықта доллар 485 - 490 теңге аралығында саудалануда
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 485 - 490 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 28 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 485,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,02 теңге. Еуро — 523,82.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 487,5 теңге. Еуро 524,5 — 528,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 485 теңге, сатып алу құны — 490 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 - 5,05 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 24 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,12 теңгеге төмендеп, 485,13 теңге болған.
Бұған дейін қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірді.