Наркобарон Фабио Очоа 25 жылдан кейін бостандыққа шықты

АСТАНА.KAZINFORM - Колумбияның атышулы наркобарондарының бірі және Медельин картельінің басты тұлғасы АҚШ-та бас бостандығынан айрылған 30 жылының 25 жылын өтеп, Оңтүстік Америкаға депортацияланды, деп жазады CNN.

Наркобарон Фабио Очоа 25 йиллик қамоқдан кейин озодликка чиқди
Фото: EFE / Migración Colombia EFE - Migración Colombia

Очоа дүйсенбі күні Боготадағы Эль-Дорадо әуежайына келді. Ұшақтан шыққаннан кейін картельдің бұрынғы басшысын иммиграция қызметкерлері қарсы алды.

Колумбияның көші-қон қызметі Х әлеуметтік желісінде қысқа мәлімдеме жасап, Очоаның саусақ іздерін алып, деректер базасы арқылы Колумбия билігі оны іздемейтінін растағаннан кейін «отбасымен қайта қосылу үшін босатылды» деп мәлімдеді.

67 жастағы Очоа 1970-ші жылдардың соңы мен 1980-ші жылдардың басында АҚШ-қа кокаин көптеп кіргізіле бастаған тұста екі ағасымен бірге біраз байлыққа кенелді. АҚШ билігінің мәліметінше, 1987 жылға қарай олардың есімдері Forbes журналының миллиардерлер тізімінде пайда болды.

Майамиде тұратын Очоа бұрын Пабло Эскобар басқарған кокаин картельіне тиесілі тарату орталығын басқарды. Эскобар 1993 жылы Медельиндегі билікпен тартыс кезінде қаза тапты.

Очоаға алғаш рет АҚШ-та 1986 жылы Барри Сиалдың өлтірілуіне қатысы бар деген айып тағылды. Сиал Медельин картелі үшін кокаин тасымалдайтын америкалық ұшқыш, кейін есірткіге қарсы күрес басқармасының ақпаратшысы болды.

1990 жылдардың басында Очоа екі үлкен ағасы Хуан Дэвид пен Хорхе Луиспен бірге АҚШ-қа экстрадициялауға рұқсат бермейтін мәміле аясында Колумбия билігіне тапсырылды. Ағайындылар 1996 жылы түрмеден босатылды, бірақ Очоа үш жылдан кейін есірткі тасымалы үшін қайта қамауға алынды. 2001 жылы ол Майамидегі есірткі контрабандасына қатысы бар деген айыппен АҚШ-қа экстрадицияланды.

Ол сотқа жүгінуге шешім қабылдаған жалғыз күдікті болды және 30 жылға бас бостандығынан айырылып, кінәлі деп танылды. Қалған айыпталушылар үкіметпен бірлесе жұмыс істегендіктен айтарлықтай жеңіл жаза алды.

Содан бері Очоаның есімі әлемдік есірткі аренасында үстемдік ететін мексикалық есірткі барондарына жол беріп, екінші орында қалды.

Айта кетейік, кеше Колумбияда 1400 тонна есірткі тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар