Нарынның өжет қызы Мұхсина Әлімтайқызы туралы кино түсірілмек

ОРАЛ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Нарынның өжет қыздарының бірі Мұхсина Әлімтайқызы туралы кино түсіру ойластырылуда.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қаласында тұратын қаламгер, «Банды Аманғали ісі», «Аңсау», «Мінгені Ерғалидың Шайтанқара» атты кітаптардың авторы Ләтифолла Қапашев хабарлады. Оның айтуынша, М.Әлімтайқызы Нарын құмының Айбас ауылында 1910 жылы туып, Ұлы Отан соғысынан кейін БҚО аудандарының бірінде дүние салған. Мұхсина он алты жасынан белгілі тұлға, кезінде «банды» атанған әнші Аманғалидың қасында жүріп, атыс-шабыс, жорықтарға қатысып, соңынан қызыл әскерлердің қолына түсіп, Орал түрмесіне қамалған. Сотталып, Мурманскіде (СЛОН) айыбын өтеп, елге қайтар жолда БҚО аудандарының бірінде қалған делінеді. Өкінішке қарай, оның өмірі туралы деректер аздау болып тұр. Кинода, әрине, Аманғали да, тағы бір батыр-әнші Ерғали Аязбаев та болады. Бірақ басты тұлға ? Мұхсина.
Соңғы жаңалықтар