NASA астероидқа кез келген адамның жасаған өнер туындысын аттандырмақ

NASA қыркүйекте Бенну астероидына «Осирис-Рекс» аппаратын аттандырмақшы. «Аппарат астероидтың топырағын алып, оны зерттеу үшін жерге жеткізуі керек», - дейді NASA мамандары.
Сапар барасында жерден онда өнер туындылары жеткізіледі. Олардың айтуына қарағанда, адамзаттың ғарыш кеңістігін зерттеуге ұмтылысын бейнелейтін жоба «көптеген адамдарға көркем өнер туындыларын жасауына шабыт беруі тиіс».
«Біз бүкіл әлемді осы қызықты сапарға қосылып, ғылыми аппараттың бортына алынып ғарышқа жіберілілетін өз жұмыстарын дайындауға шақырамыз», - дейді Аризона штаты университетінен «Осирис- Рекс» бағдарламасына қатысушы Данте Лоретта.
NASA-ның осы жоба бойынша өткізілетін айырықша көрмесінде кез келген жанрдағы жұмыстарды көргісі келетіндігін айтып отыр, оның ішінде өлеңдер, әндер және қысқа видеоларды да қамтылады. Олар ғарыш кемесіне сандық нұсқада жазылып жіберіледі. Туындылар 20 наурыздан бастап қабылданады.