НАСА астронавтары Қазақстанға ХҒС-тан құттықтау жолдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - НАСА астронавтары Шейн Кимброу және Пегги Уитсон халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) бортынынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатыныстарының орнауының 25 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы АҚШ Бас консулдығының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«3  желтоқсанда ғарыш станциясының бортында ХҒС-құрамындағы негізгі экспедициясының 50 бортинженері Пегги Уитсон АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығын атап өту мақсатында қолданылатын "25 жыл бірге" логосын көтерді. Уитсон "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 2016 жылы 18 қараша айындаХҒС-қа сапарға шыққан. Бұған дейін 2010 жылы Жезқазған қаласында өткен салтанатта Уитсон оның ғарышқа ұшу кезіндегі жетістіктері үшін танылып және де дәстүрлі қазақ киімін мақтанышпен киген болатын.
null  

Сонымен қатар, 2016 жылы 3 желтоқсан айында ғарыш станциясының командирі Шейн Кимброу ХҒС бортында бола тұра қолында # USKZ25 хэштегі бейнеленген фотосуретке түсірілген. Осы хэштег қазақстандықтар мен америкалықтардың екіжақты достық қарым-қатынастардың қалыптасуының 25 жылдығын тойлау мақсатында 2016 жылы аралығында 2000-нан астам рет қолданылды. Кимброу Байқоңырдан 2016 жылы 19 қазан айында ұшып, станциясының бортында 2017 жылдың ақпан айының соңына дейін қалуын жоспарлаған.
null 

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігі екіжақты қарым-қатыстарының орнауын 2016 жыл бойы және де 2017 жылы тойлауда. Сондай-ақ екі елдің үкіметтері арасындағы ғарышты игеруде, ғылым мен технология, энергетика және басқа да көптеген салалардағы ынтымақтастықтың жалғасуын қолдайды», - деп жазылған хабарламада. 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар