NASA миссияның кейінге қалдырылуына себепкер болған ғарышкердің есімін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — NASA қаңтар айында Халықаралық ғарыш станциясында денсаулығына қатысты мәселелер туындаған экипаж мүшесі астронавт Майк Финке болғанын мәлімдеді, деп жазады NBC News. 

NASA раскрыло личность астронавта, из-за которого была прервана миссия
Фото: nbcnews.com

NASA «Финкенің өтініші бойынша» жариялаған мәлімдемесінде зейнеткер астронавт 7 қаңтарда денсаулығына қатысты мәселелер туындағанын және ғарыш станциясы экипажының «шұғыл араласуын» қажет еткенін хабарлады.

— Олардың жедел әрекетінің және NASA-ның авиациялық хирургтері ұсыныстарының арқасында менің жағдайым тез тұрақтанды, — делінген 58 жастағы Майк Финкенің мәлімдемесінде.

Финке өз мәлімдемесінде Crew 11 экипажындағы әріптестеріне, сондай-ақ сол кезде ғарыш станциясы бортында болған және әлі күнге дейін ғарышта жүрген NASA астронавты Крис Уильямс пен ресейлік ғарышкерлер Сергей Куд-Сверчков пен Сергей Микаевқа алғысын айтты. Финке сондай-ақ NASA, SpaceX қызметкерлеріне және Ла-Хойядағы Скриппс мемориалдық ауруханасының медициналық қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Финке өзінде «бәрі жақсы» екенін және Хьюстондағы Линдон Джонсон атындағы Ғарыш орталығында ұшудан кейінгі стандартты қалпына келтіру процедураларына белсенді қатысып жатқанын хабарлады.

Ғарышкердің ауруының сипаты хабарланған жоқ.

Осыған дейін NASA Artemis 2 ай миссиясын кейінге шегергенін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум